"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылы бойынша І жарты жылдықтағы атқарған жұмысының есебі

Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебі

Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылы бойынша

І жарты жылдықтағы атқарған жұмысының есебі

Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебі бойынша Қамқоршылық кеңестің құрамында 9 адам бар. Олар:

1. Жакупов Жамбыл Шәйкеұлы – қамқоршылық кеңестің төрағасы –жеке кәсіпкер. NSK «Сауле» АГРО жетекшісі

2. Рахимова Гүляйым Жусуповна - қамқоршылық кеңестің хатшысы «Қазгер-Құс» фирмасында қызметкер.

3. Каримова Асыл Жотанқызы - ата-аналар комитетінің төрайымы – мектеп қызметкері

4. Мажитова Гульжахан Мубеденовна - қамқоршылық кеңесінің мүшесі – үй шаруасында

5. Қожахметова Қайынжамал Тотаевна - қамқоршылық кеңесінің мүшесі - жұмысшы

6. Какенова Сандуғаш Жанибековна - қамқоршылық кеңесінің мүшесі - мектеп қызметкері

7. Альжанова Майра Кунусовна- қамқоршылық кеңесінің мүшесі - үй шаруасында

8. Шарипова Мариям Калмаганбетовна- қамқоршылық кеңесінің мүшесі - үй шаруасында

9. Альжанова Зауреш Сарбасқызы - қамқоршылық кеңесінің мүшесі – округ әкімінің бас маманы.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

Балалардың мектеп өмірінде сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс-шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу. Мектептің ішкі-сыртқы тәртіп ережелеріне көңіл бөле отырып, ұсыныстар жасау, көмек беру. Оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Қамқоршылық кеңестің отырысы әр тоқсанда бір рет өтіледі. Бірінші жарты жылдықта 2 рет қамқоршылық кеңестің отырысы болды. Егер шұғыл мәселелер туындаса, Кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Өткізілген іс-шаралар хаттамада тіркеліп отырады. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.

1-4-сынып оқушыларын және «Жаппай біліммен қамту» есебіндегі 10 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамту және қалған оқушыларды буфеттік тамақпен қамту бойынша спонсорлар қаражат бөлді.

NSK «Сауле» АГРО жетекшісі Жакупов Жамбыл Шәйкеұлы оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына 50 000 теңге көлемінде қаражат берді. «Баймырза-Агро» директоры мектепке 6 қап ұн және СПК «Сауле» жетекшісі Есет Санат пен Долдашев Марат оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға 50 000 теңге көлемінде ақша берді.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы - NSK «Сауле» АГРО жетекшісі Жакупов Жамбыл Шәйкеұлы әрдайым мектебімізге қол ұшын беріп, көмек көрсетіп тұрады. Қарттар айлығында қарттарға арнап үстел жасалды. 30 000 теңгеге бір қой және 25 000 теңгеге азық-түлік алып, мектепте 45 адамға дастархан жайылып, оқушылар қарттарға арнап «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты концерттік бағдарлама өткізді.

Қамқоршылық кеңестің №2 отырысында Аудандық олимпиадаға қатысатын оқушылардың жолына және түскі асқа қаражат бөлу;

Мектеп оқушыларына және «Болашақ» шағын орталығындағы бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар алу; Мектеп шыршасын безендіруге қаржы маселесі қарастырылды.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы Жакупов Жамбыл Шәйкеұлы

NSK «Сауле» АГРО қорынан оқушылардың аудандық олимпиадасына жолы мен тамақтануына және оқушылардың жаңа жылдық сыйлықтарына 30 000 теңге қаражат бөлді. СПК «Сауле» жетекшісі Есет Санат пен Долдашев Марат мектеп шыршасын безендіруге және оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар алуға 15 000 теңге қаражат берді.

Шәрәпи Әлжанов атындағы Қамқоршылық кеңесінің жұмысы мектебіміздің көптеген мәселелерін шешуге үлкен қолдау көрсетіп отырады.


 


 


 

 

Жаңартылған күні: 22.05.2019 15:28
Құрылған күні: 22.05.2019 15:28

Текст