«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізілуде.
Та0ырыбы: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтуде.
Онкүндік мақсаты: қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға
үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту.
«Өзін-өзі тану» онкүндігін 3 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Б.А.Сманова
ашып, онкүндік басталғаны туралы айтты, іс-шара жоспарымен таныстырды және оқушыларды онкүндік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды. С.А Назарбаеваның өмірбаянымен таныстырды және құттықтау сөзін оқыды. Өлеңдер оқылды, әңдер айтылды.
3 - 12 ақпан аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептің бірінші қабатында онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары, С.А.Назарбаева туралы ақпарат
пен балалардың шығармашылық жұмыстары орналасқан стенд безендірілді.