"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұқсас қосылғыштарды біріктіру»

10.01.2018

Сабақтың тақырыбы: "Ұқсас қосылғыштарды біріктіру"

Сабақтың мақсаты: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу және қолдану.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

- ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу;

- ұқсас қосылғыш ұғымын енгізу;

- «ұқсас қосылғыштарды біріктіру» дегенді түсіндіру;

- есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:

- ойлау, салыстыру және аналогиялық тұрғыда орындау қабілеттерін дамыту;

- берілген тақырып бойынша талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

- оқушыларда білімге деген оң көзқарас қалыптастыру, топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Берілген тақырыпты игеру барысында оқушылар ұқсас қосылғыштар ұғымын түсінумен қатар, ұқсас қосылғыштарды біріктіруде көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана білуі қажет.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Зерттеу (ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін іздеу-кітаппен жұмыс);

Жартылай іздеу ( ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастырудағы эвристикалық әңгіме)

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кестелер.

Сабақтың типі : Ақпаратты коммуникативті технологияны қолдану арқылы жаңа сабақты енгізу

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II Ауызша есептеу.№1 кесте

А). Өрнектердің коэффициенттерін ата:

-7ас; -203вс; -у; 10,3z; 5t.

Ә). Теңдеуді шеш:

-х=-6; -2х=-3; -8х=2; -5х=10; 2х=-5; -х=8.

С) Өрнекті ықшамда:

х+х; а-а; 0-а; в·в·в; х-0; х:х; х · х; а-0; в+в+в; х+0; с·0; х:0.

Д) Жақшаларды аш:

- (а+в+с); (х+у)-х; ( с+5,4)-(4,9 + с); (а-в) + ( -а +в).

III.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Берілген кестені оқушылармен бірге толтыру.

№2 кесте

«Б» Білемін

«Б» Білгім келеді

«Ү» Үйрендім

Білгім келеді: оқушылар оқулықтың 4.4 параграфын ашып, мұқиятоқыпкестеніңекіншібағанынтолтырады.

ІV. Берілген тақырып бойынша жұмыс .

1.Тақтада жұмыс: Жақшалардыашу:

6 (а-в-с) =

9 ( -х+у) =-5 ( 3m +k-n) =

3 ( 2х +6у) =

Мұғалім: жақшаларды ашуда көбейтудің қандай қасиеттері қолданылады?

5а-9a + 4а -11а.

Мұғалім: Қосылғыштарға назар аударамыз. Олардың ұқсас элементтері қандай? ( бірдейәріптікөрнектер)

Олар немен ажыратылады? ( коэффициенттерімен)

Мұғалім: оқулықтан тек қана коэффициенттерімен ажыратылатын әріп бөліктерін қалай атайтынымызды оқиық. ( оқушылар жауап берді)

Тапсырма: Өрнектердегі ұқсас қосылғыштарды табыңыз:

№3 кесте

2а + 3в +5а – 5;-3у +2х +3х;m+ 2m + 6m – 3n;11p + 2p + 20p – 3x.

V.(Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі).

I топ. №780, 1-3 тапсырмаларII топ. №780, 4-6 тапсырмалар.

I топ. №781, 1-3 тапсырмалар.IІ топ. №781, 4-6 тапсырмалар.

Мұғалім: Ұқсасқосылғыштарнеменажыратылады?

Сергіту сәті: « Мақалдың мағынасын түсіндір» ( Әр топқа жеке мақалдардың мағынасын түсіндіру ұсынылады)

1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес;

2. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас;

3. Айла алтау, ақыл жетеу.

Мұғалім: Ендігі кезекте ұқсас қосылғыштарды біріктіруді үйренеміз, ол үшін ұқсасқосылғыштарды біріктіру алгоритмімен жұмыс жасаймыз.

(оқулықпен жұмыс)

№4 кесте

Алгоритмді тексерейік.Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі:

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1. Олардың коэффициенттерін қосу керек;

2. Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Мұғалім: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін бекітейік.№782 есеп (180 бет)

VI. Мұғалім: Енді өтілген теориялық материалды бекітеміз, ол үшін Блум Таксономиясын қолданамыз.

1. Білім: жақшаларды аш ( а-в) – (а +в); жақшаларды ашу алгоритмі.

2. Түсіну: ұқсас қосылғыштарды біріктір: 2а -6а + 8а –а -5в +4;

3. Қолдану: 5(7у- 2)- 7(5у + 2)

4. Талдау: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі не үшін қажет?

5. Синтез: а-ның кез келген мәнінде өрнектің -ге тең болатынын дәлелде..

6. Бағалау: - көбейтудің үлестірімділік қасиеті ұқсас мүшелерді біріктіруде қажет пе?

- Ұқсас қосылғыштарды біріктіру өрнектердің мәнін табуда қажет пе?

VII Рефлексия

«Б» Білемін:Оң және теріс сандарға амалдар қолдану; жақшаларды ашу; өрнектегі сандықкоэффициентті анықтау;көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдана білу.

«Б» Білгім келеді:Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар;ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін;бос мүше.

«Ү» Үйрендім:Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып жақшаларды ашуды; ұқсас қосылғыштарды; бос мүшені;ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін.

Біздің бүгінгі сабағымыз сіздерде қандай әсер қалдырды? Не себепті?

VIII.Үйге тапсырма. №783, №786 180-бет.

Қорытынды:

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст