Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғаілімі
Уалиева Рабиға Қапарқызы
Тәуелсіздік – ел тірегі
Тәуелсіздік - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қолжеткізген ұлы жеңіс.
Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болып, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатгы. Ел абыройы мен тұгастығын қорғайтын құжаттарға қол қойылды.
Қазақта туған жерін, оның халқын сүйген адам бүкіл азаматты сүйе алады деген қасиетті сөз бар. Бүл жақсылыққа жаны жақын, жомарт елдің көрегендік нақылы елім, жерім деп өткен бабалар бағасындай.
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, ақиық ақын Мұқағали жырына арқау болған атамекен жеткен жетістік, қас батырлар жанын қиып, талай ару махаббат сырын шерткен, тіршіліктің нәрін пендесіне сый еткен қасиетті Отанымыз - Қазақстан жұпар аткан жусанымен, кеудесі нұр құяр.
Қазақ халкы – әлемдегі ұлы халыктардың бірі. Ол ұлылық-бауырмалдық, сабырлық, даналықтан бастау алған, сөзге токтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен азаматтықтан бастау алған - тәуелсіздікгің жеңісі.
Арайлап аткан таңы бар, жазира даласы бар Қазақ елі тәуелсіздіктің туы келелі кеңес құрып, келісім жасауда.
Өз елін, кіндік кескен жерін сүймейтін адам жоқ. Айналаңдағы алыс-жақын елдерде болып жатқан қырғи-қабақ жайлар мен табиғаттың толассыз қасіретін естігенде, тыныштық пен бейбіт өмірдің қадір қасиетін бағалайсың.
Тәуелсіздік тірегі - білім. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген ұлағатты сөзін нақтылай түседі.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең ел болып, нық қадам жасаған 26 жыл татулық туын биік көтеру арқылы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздіктің ызғарлы желі еңсесін тік ұстаған халқымызды шыңдап, Қайрат пен Ерболдай, Ләзаттай жандар тұлғасымен батырлық пен батылдық үлгісін қалдырды.
Тәуелсіздіктің 26 жылы қасиетті, ар-намыс, үміт жалындай елін сүйген жандарға жол бастап, өткен күндер жеңісі - бүгінгінің жемісіне айналды.
«Бұтағы көп ағашқа құс қонар» деп ғұлама Махмұт Қашқари ширек ғасыр бұрын айтқан накыл қаншама ұлттың басын біріктірген, береке бірлігін тыныштығын, сақтап отырған бейбітшілікті сүйетін халықтың сол халықтың ертеңіне деген сенімін айқын аңғартады.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!
.