"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған оқу бағдарламасы –болашақтың бағдары

07.11.2017

Жаңартылған оқу бағдарламасы –болашақтың бағдары

Ұстаз талантты болса

Шәкірті талапты болады.

                                                                                     

                                     Халық даналығы

     Қазіргі

заман мұғалімі-рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан дамыған,педагогика-лық

құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым

жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.Мұғалім –өз кәсібін,өз пәнін,барлық

шәкіртін,мектебін шексіз сүйетін адам.

    Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі -оқушылардың

сын тұрғыдан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу,тәжірибе жасау,жеке,жұппен,топтық

жұмыс жасай білуге бағыттайды. Әр сабақта жан-жақты қолданып,жаңаша оқытудың тиімді

жолдарын тауып,жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отыр.

  2017 жылдың маусым айының 19 мен 30 аралығында «Назарбаев

Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласы

филиалы базасында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту

шеңберінде «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері»бойынша педагог кадрлардың

біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағаттық

курсына қатыстым. 

Курс

барысында I-топ тыңдаушылары болып сабақ оқыдық. Біздің курс тренеріміз Ерубаева

 Жансұлу  Нұрмаханқызы   өз

ісінің шебері,білікті маман екендігін курс барысында  көз жеткіздік.Теориялық білімді

практикамен ұштастырып сабақты қызықты және құнды өткізді.Мұғалімдердің

барлығын ұйымшылдықпен жұмыс жасауға біріктіріп,өз ортамызда ынтымақтастық орнатты

.Түрлі  әдіс-тәсілдердерді,оқытудың жаңаша формаларын қолдану арқылы әр күннің

сабағын бір-біріне ұқсамайтындай етіп жоспарлаған тренеріміз тыңдаушылардың

практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындап,нәтижеге өздерінің қол жеткізуіне

бағыт-бағдар беріп отырды. Курс тыңдаушылары да әр сабаққа зор ықыласпен, аса

қызығушылықпен қатысып отырды. Қысқа мерзімді жоспар құруды  үйрендік. Осындай жемісті еңбектің

нәтижесінде топ тыңдаушылары сынақтан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижеге қол

жеткізді.Сол дәрежеге жеткізген тренерімізге үлкен рахмет!

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст