Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Осы орайда, ұшы-қиырына көз жетпейтін қазақ даласындағы балаларды көбейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Сондықтан, еліміздегі әрбір жас отаудың иелері дүниеге сәби әкелуді тек қана ата-аналық парыз деп ойлап қоймай, ел мұратын да ойласа нұр үстіне нұр болар еді. Біздің ел-бейбітшілік ел. Олай болса, біздің балаларды бақытты елдің балалары деуге негіз бар.
Мектебімізде балаларды қорғау күніне арналған іс-шараға барлық оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және қонақтар қатысты. оқушылар өздерінің өлең жырларын айтып, далада асфальттің үстіне өз ойларындағы суреттерін салды. Барлық оқушыларға, қонақтарға тәттілер таратылды.