"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың зерттеушілік іс – әрекеттерін қалыптастыруда робот техникасының алатын орны.

15.05.2017

Сәуле орта мектебінің

Информатика пәнінің мұғалімі

Қайдарова Маржан Ескейқызы

Роботтар—қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты

экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және

оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының өзектілігі артады.

«Робот техникасы» элективті курсы бойынша әр білім мекемесінде біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдерге 1 сағат жүктемесі берілді. Бірақ-та мектептерде «робот техникасын» өту үшін құрал –жабдықтар жоқтын қасы. Біздің мектепке сәуір айында (LEGO MINDSTORMS EV3 Education жинақтары) берілді. Қазіргі біздің ауданымызға 4 мектепте қолжетімділік Лего конструкторлары 8-17 жастағылар

үшін түсінікті және қолжетімді болды. LEGO MINDSTORMS EV3 Education жинақтарының көмегімен 5-сынып оқушылары Анас Әділғазы, Ескендиров

Бейбарыс, Жалтаев Тамерлан, Бопан Дәурен, Абдрахманов Айдос және 7-сынып оқушысы Ташев Нұрсұлтан өздерінің роботтарын жасады. Ташев Нұрсұлтан 8-сәуір күні болған аудандық мәдениет үйінде облыстық гала концертте өз роботына таныстырылым жасады. Бұл бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық қоғам қалыптастыру жағдайындақазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттардың бірі робот техникасы болып табылады. Мектептің сабақтан тыс шараларында, сондай-ақ қосымша білім беруде оқытушы конструкторлар кеңінен қолданылады. Робот техникасы бойынша конкурстар мен сайыстарға қатысу балаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа құлшындырады, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Мектеп оқушылары оқу танымдық қызмет бағыты ретінде «Робот техникасы» курсына танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде қызығушылық білдіреді. Мектепте робот техникасын оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: LegoWeDo, Lego Mindstorms NXT, Lego Mindstorms EV3, Matrix, Fischertechnic, Arduino, Roborobo және т.б. Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр. Ойын оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдісі мен тәсілі болып табылатыны сөзсіз, оның үстіне ол оқушыларға білім алу

үдерісін байқамай-ақ үйренуге мүмкіндік береді. Бұнымен қоса, робот техникасы – ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейін көрсететін ықпалдастырылған пән саласы. Ол информатика, физика, математика сияқты мектеп пәндерін қамтиды. Негізгі пән информатика болып табылады. Робот техникасын оқытудағы басты мақсат – жеке тұлғаның ақпараттық біліктілігінің негізін қалау, яғни оқушыларға ақпаратты жинау әдістерін, сондай-ақ оны пайымдау және тәжірибеде қолдану технологияларын меңгеруге көмектесу. Мектептің білім беру кеңістігіне робот техникасын

енгізу үшін мектепте робот техникасының жабдықтары толық болса ғана оқушыларымыз өз ойларын, жұмыстарын дер кезінде жасап әр тұрлі жарыстарға қатыса алар еді. Сондықтан оқушыларымыз халықаралық сайыстар деңгейде көрінсін десек «робот техникасының» құрал-жабдықтарын әперуге қалталы ағаларымыз бен апаларымыз қолұштарыңызды тигізеді деген үміттеміз.



С


Просмотров: 548


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст