Текст
"Шаңғы шақырады" фестивалінің іс шаралары мектебімізде жалғасын табуда. Бұл шараның ұйымдастырылуындағы
басты мақсат жас буынның спортқа деген қызығушылықтарын оятып, салауатты өмір салтына баулу.
Мектеп жасындағы балаларды сауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында дене тәрбиесінің аса маңызды құралдарының бірі-шаңғы дайындығы.
Айтылған құрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие.
9,10 сынып оқушылары ұлдар- 3000м,қыздар 2000м ге шаңғымен жүріп өтті.
Шаңғы тебуге қызығушылық танытқан балалар тек шаңғы теуіп қоймай, таза ауада бой сергітіп, біраз демалып қалды.