Қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының сақтық шараларын сақтау туралы
ЖАДНАМА
Құрметті ата-аналар және мектеп оқушылары!
Қысқы демалыс кезінде 31 желтоқсан - 10 қаңтар аралығында қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
- жолдың жүргінші бөлігінде өте сақ болыңыз, жол жүру ережелерін сақтаңыз.
- қоғамдық көлікке мінгенде немесе түскен кезде, аялдамаларда өте сақ болыңыз.
- жер көк тайғақ болса, жылдам жүрмеңіз, жаяу жүргіншілерді қуып жетпеңіз.
- мұз айдындарда, сырғанақ басында абай болыңыз, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
- ойын ережелерін сақтаңыз, қаршық ойыны кезінде оның бетіңіз бен басыңызға тиюінен қорғаныңыз.
- ғимарат бойымен жүрмеңіз - қардың немесе сүңгілердің құлауы мүмкін.
- су қоймалары маңында жүрсеңіз, мұз бетіне шықпаңыз. (мұз жарылып кетуі мүмкін)
- бенгал оттары, отшашулар, майшамдар, мақта және басқа да тез жанғыш заттар үлкендердің рұқсатымен арнайы бекітілген жерде ғана қолданылсын.
- адам көп жиналатын жерлерге жүрмеуіне, санитарлық дезинфекциялық режимін қатаң сақтап, инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын қадағалауды естен шығармау.
- үйден қыдыруға шыға қалсаң, ата-анаңды, сынып жетекшіні үнемі хабардар етіп отыр.
- үлкендерсіз кешкі сағат 21.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды.